Демалыс күндері 37 градус ыстық болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Демалыс күндері 37 градус ыстық болады

Синоптиктер 2017 жылғы 19-21 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2017 жылғы 19-21 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері ауа температурасы көтеріледі.

"Қазақстанның басым бөлігі бұрынғыдай антициклонның ықпалында болады. Елдің батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс жартысында жақын күндері жауын-шашынсыз ауа-райы, күндіз термометр бағанасы 28-37 градусқа дейін жылуды көрсетеді. Республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс жартысында күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауып, желдің күшеюі, бұршақтың түсуі мүмкін, негізгі түнгі температуралық фон 2-12 градус жылы, күндіз 20-32 градусқа дейін жоғарылайды", - деп хабарлады синоптиктер.

Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік аймақтарда желге байланысты дауылдық ескерту жарияланған.

"Қызылорда облысында 19 тамызда солтүстік-шығыс, солтүстік желдің күші 15-20 м/с боп сақталады. Оңтүстік-Қазақстан облысында 18-20 тамызда тәулік бойы солтүстік-шығыстан секундына 17-22 метр соққан желдің күшеюі сақталады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 512.04  course up  604.8  course up  6.56  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети