Павлодар облысында ер адам 17 жыл өткен соң қызды зорлап өлтіргенін мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында ер адам 17 жыл өткен соң қызды зорлап өлтіргенін мойындады © pexels.com

Павлодар облысының тұрғыны 17 жыл өткен соң кәмелетке толмаған қызды зорлап, кейіннен өлтіргенін мойындап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысының тұрғыны 17 жыл өткен соң кәмелетке толмаған қызды зорлап, кейіннен өлтіргенін мойындап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23 тамызда Павлодар облысының қылмыстық сотында Анатолий Хе-Денге қатысты сот үкімі шықты. Ер адам қарақшылық шабуыл, ұрлық жасағаны үшін және Екібастұздың құрметті азаматын өлтіргені үшін жазасын өтеп жатыр. Ал жақында ол 2000 жылы Қалқаман ауылының 13 жастағы тұрғыны Екатерина Кецті зорлап, кейіннен өлтіргенін мойындады.

Қайтыс болған қыздың анасының айтуынша, қайғылы оқиға 2000 жылдың қыркүйегінде болған. 

"Жұмыстан үйге келсем қызым үйде жоқ. Одан басқа үйде үлкен балаларым жүрді. Олар Катяның дүкенге кетіп, сол күйі келмегенін айтты. Біраз уақыт өткен соң біз оны іздеуге шықтық, кейін полицияға да хабар бердік. Полициядағылар тек үш тәулік өткен соң қылмыстық іс қозғай алатындарын айтты. Жақын маңдағы аулаларды қарай бастадық, қызымыз еш жерде болмады", - деді қыздың анасы Валентина Кец.

Анасының айтуынша, қыз сол күні-ақ кешкі уақытта үйінен бірнеше метр жердегі иесіз жатқан үйден табылған.

Ал бүгін, 23 тамызда Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қадырбек Сатабаев Анатолий Хе-Денді осы уақытқа дейін жаза өтеп жатқанын ескере отырып, 25 жылға бас бостандығынан айырды. Айта кетейік, Анатолий Хе-Ден 2013 жылы 19 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 512.04  course up  604.8  course up  6.56  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети