Алматыда оқиға орнына бара жатқан өрт сөндіру көлігі аударылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда оқиға орнына бара жатқан өрт сөндіру көлігі аударылып қалды © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда өрт туралы хабар түскен жерге бара жатқан арнайы техника жолда бір жағына аударылып қалды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда өрт туралы хабар түскен жерге бара жатқан арнайы техника жолда бір жағына аударылып қалды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

 

Оқиға Закарпатский көшесі мен Рысқұлов даңғылының қиылысында болды. Алдын ала болжам бойынша, өрт сөндіру көлігі Закарпатский көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Көліктің дабыл белгісі қосылып келе жатқан. Жүргізушінің айтуынша, оған басқа бір көліктің жүргізушісі жол бермей қойған.  

Өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі басқа автомобильге соғыспауы үшін дереу солға бұрып, ағашты соғып, аударылып қалған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Полиция қызметкерлері сол аймақты қоршауға алып, көлік ағынын қолмен реттеп жатыр. Оқиға орнында кептеліс пайда болды. Өрт сөндіру көлігін кран орнына қойған. 


© "Территория происшествий" бағдарламасы

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.69  course up  588.2  course up  6.46  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети