Ақтауда қайғылы оқиға: 23 жастағы сарбаз достарының көзінше суға батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда қайғылы оқиға: 23 жастағы сарбаз достарының көзінше суға батып кетті © lada.kz

30 тамызда Ақтауда Каспий теңізінің жағалауында әскери қызметші суға батып кетті. Мерзімді қызметтегі сарбаздың мәйітін құтқарушылар судан алып шықты. Бұл туралы Lada.kz хабарлады. 


30 тамызда Ақтауда Каспий теңізінің жағалауында әскери қызметші суға батып кетті. Мерзімді қызметтегі сарбаздың мәйітін құтқарушылар судан алып шықты. Бұл туралы Lada.kz хабарлады. 

Ер адам үш досымен бірге теңіз жағалауында демалып жатқан. "Суға секіріп кетті де, жоқ болды. Дереу 102-ге хабарластым", - деді марқұмның танысы. 

Жігітті іздеумен Маңғыстау облыстық ТЖД қызметкерлері айналысты. Сөйтсек, оның денесі жағалаудан үш метр жердегі су астында тастарға қысылып қалыпты.

Полицейлердің айтуынша, 1994 жылғы әскери қызметші 6656 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген. Оның үш досы наркологияға медициналық куәландыруға жіберілді. Ал марқұмның денесі мәітханаға жеткізілді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.69  course up  588.2  course up  6.46  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети