Жол ережесін өрескел бұзған жастар кортежінің видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жол ережесін өрескел бұзған жастар кортежінің видеосы пайда болды Видеодан алынған кадр

Жол ережесін өрескел бұзған жастар кортежі түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жол ережесін өрескел бұзған жастар кортежі түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Видео Lada.kz басылымының "Народные новости" айдарында жарияланды. Онда 7 көлік түсірілген. Көліктердің арасында Toyota Land Cruiser Prado, Camry мен Corolla, сондай-ақ, Lexus 570 бар. Ал кейбір көліктердің мемлекеттік нөмірі - Маңғыстау облысына тиесілі - "12" деген нөмір бар.

Осыған қарағанда, видео Ақтауда түсірілген. Желі қолданушылары жастардың бұл әрекетіне наразылығын айтып жатыр. 

"Ереже бұзғандар жазалансын. Көлік айыппұл тұрағына жеткізілсін. Не болып бара жатыр", "Соғыста жеңіске жеткендей қуанып жатыр ғой. Қазіргі жастарда сабыр жоқ" деп пікір білдірген қолданушылар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети