Депутаттар білімді жастардың шетел асуына себеп болып отырған ҰБТ-ға балама жасауды талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутаттар білімді жастардың шетел асуына себеп болып отырған ҰБТ-ға балама жасауды талап етті © Тұрар Қазанғапов

Депутаттар ҚР Білім және ғылым министрлігінен шетелге кетіп қалған жас мамандарды Қазақстанға қайтару үшін ҰБТ-ға балама енгізуді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутаттар ҚР Білім және ғылым министрлігінен шетелге кетіп қалған жас мамандарды Қазақстанға қайтару үшін ҰБТ-ға балама енгізуді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"ҰБТ-ның даулы сипаты, грант бөлу мен оған қатысты кері эмоциялық стресстер жылдар бойы қайталанып, созылмалы болып барады. Оның үстіне олар қажетсіз уайымнан қашып, басқа жолдар қарастырып жатыр. Ал ондай мүмкіндікті Ресей, Чехия, Қытай және басқа елдер ұсынып жатыр. "Рател" сайтының мәліметі бойынша, биылдың өзінде ғана 40 мың бітіруші ҰБТ-дан бас тартып, шетелге оқуға кеткен - бұл шамамен бітірушілердің 30 пайызы. Қазіргі грант бөлу жүйесі білімді жастарымыздың шетелге кетуіне түрткі болып отырғанын көріп отырмыз", - дейді Дания Есбаева білім министрінің атына жолданған депутаттық сауалды оқып. 

Оның сөзінше, ресейлік, еуропалық және қытайлық оқу орындары өздеріне білімсіз түлектерді тартып отырған жоқ. Ал шетелде білім алған жастарымыздың көбі елге қайтып келмей отыр.  

"Ақжол" депутаттық фракциясы 110 балл жинап, грантқа ие бола алмай қалған бітірушілерге орын толмаған басқа мамандықтар бойынша грантқа түсуге мүмкіндік беру керек деген ойда. Басты шарты пән айырмашылығын ғана тапсыру. Сонымен қатар, ҰБТ-ға балама ретінде ЖОО-ға емтихан тапсыру арқылы грант иелену мүмкіндігін қарастыру. Білімді жастарымыздың шетелге кетуін тоқтатып, талантты ғалымдар мен жас мамандарымызды елге қайтару бойынша бағдарлама жасау керек", - деп оқыды Есбаева. 

Еске салайық, 2013 жылы сол кездегі мұғалімдер мен оқытушылардың "Ар-намыс" АҚҰ алматылық филиалының өкілі, қазір мәжіліс депутаты Ирина Смирнова ҰБТ-ның білімді жастардың шетелге кетуіне себеп болып отырғанын айтқан. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети