Шымкентте жоғалып кеткен мектеп-интернаттың 10 жастағы оқушысы табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жоғалып кеткен мектеп-интернаттың 10 жастағы оқушысы табылды Құралбек Нұркен

ОҚО-да учаскелік инспектор із-түссіз жоғалып кеткен Құралбек Нұркенді тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да учаскелік инспектор із-түссіз жоғалып кеткен Құралбек Нұркенді тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Шымкенттің Әл-Фараби аудандық ІІБ қызметкерлері жоғалып кеткен баланы табу мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Іздестіру шаралары барысында Құралбек Нұркен ОҚО Сайрам ауданы Ақсу ауылынан табылды. 10 жастағы баланы жергілікті учаскелік инспектор тауып, әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесіне хабарлаған. Баланың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Полициядағылар бала ауылға  жаяу барған деп болжап отыр", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Құралбек Нұркен енді әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесіне жеткізіледі. Оқиғаның мән-жайын анықталған бала заңды өкілдеріне жіберіледі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Шымкентте мектеп-интернаттың 10 жастағы оқушысының жоғалып кеткені хабарланған болатын. "12 қыркүйекте сағат 19.30-да Шымкент қалалық ІІБ-нің Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне Бәйдібек би ауданының тұрғыны хабарласып, 2007 жылғы ұлы Құралбек Нұркен Талғатұлының жоғалып кеткенін хабарлаған. Мектеп-интернатта оқитын бала 12 қыркүйекте сағат 13.45-те кетіп қалып, оралмаған", - деп хабарлаған еді ІІД өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети