Елордалық білім басқармасындағылар оқулықтың жетіспеушілігін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық білім басқармасындағылар оқулықтың жетіспеушілігін түсіндірді © Тұрар Қазанғапов

Астана қаласы білім басқармасындағылар елордалық мектептерде оқулықтың жетіспеушілігін түсіндіріп берді. Ведомство мәліметінше, оқулық бар вагондардың соңғысы Алматыдан осы аптада келеді. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова айтты, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қаласы білім басқармасындағылар елордалық мектептерде оқулықтың жетіспеушілігін түсіндіріп берді. Ведомство мәліметінше, оқулық бар вагондардың соңғысы Алматыдан осы аптада келеді. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова айтты, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

"Оқулықтар Астанада емес Алматыда шығарылады. Бүгінгі таңда кешіктірудың себебі оқулықтар бар вагондар келісімшарттарда көрсетілген мерзімнен кешірек жіберілген болатын. Тіпті Назарбаев мектептерінің кітаптары да Алматыда басылып шығады. Барлық деректерді жинағаннан кейін, осы аптада вагондардың соңғы партиясы келіп, сенбіде барлық мектептер қамтамасыз етілетінін айта аламын. Бұл, әрине, бізді ақтамайды. Мен жағдайды нақтылау үшін жазып отырмын. Біз бұндай жағдайды күткен жоқпыз. Бұл болашақта біз үшін сабақ болып қалады", - деді Жазира Асанова.

Сондай-ақ, ол ауыр сөмкелер мәселесіне қатысты пікір білдірді. "Басқарма тарапынан ұсыныстар берілген болатын. Солардың келесілері қабылданды - кітаптардың мұқабасы жұқартылды, ауқымды көлемдік кітаптар тоқсандар мен жартыжылдыққа сай бөлініп шығарылды, яғни бір оқулық бірнеше оқулыққа бөлініп шығарылды. Бүгінгі таңда мектептерге кезең-кезеңмен шкафтар жеткізілуде. Балалар оқулықтарын қалдырып, үйде электрондық оқулықтармен үй тапсырмасын орындаса болады", - деді Асанова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети