АҚШ Солтүстік Кореяға соғыс жариялаған жоқ - Мемлекеттік департамент

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Солтүстік Кореяға соғыс жариялаған жоқ - Мемлекеттік департамент © Tengrinews.kz архивінен

Мемлекеттік департамент Пхеньянның "АҚШ КХДР-ға соғыс жариялады" деген сөзін жоққа шығарды. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің Шығыс Азия және Тыны мұхиты өңірі істері жөніндегі бюро төрағасы Катина Адамс мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"АҚШ Солтүстік Кореяға соғыс жариялаған жоқ", - деп мәлімдеді Адамс.

Оның айтуынша, халықаралық кеңістікте ешкімнің де ұшақтар мен кемелерге оқ атуға құқығы жоқ. Адамс америкалық тараптың Корей түбегінде ядролық қарудан бейбіт түрде бас тарту үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті. 

Ал мұның алдында КХДР СІМ басшысы Ли Ен Хо АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяға соғыс жариялады деп мәлімдеп, осыған байланысты Пхеньянның жауап шараларын, оның үстіне КХДР әуе кеңістігінен тыс аймақтарда америкалық бомбалаушыларды атып құлатуға құқылы екенін айтқан еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети