Алматыда жүк көлігі аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жүк көлігі аударылды © "Территория происшествий"

Алматыда жеңіл көлік пен жүк көлігі соғысып, жол-көлік оқиғасынан бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда жеңіл көлік пен жүк көлігі соғысып, жол-көлік оқиғасынан бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол апаты Момышұлы мен Жаңажол көшелерінің қиылысында болған. Toyota Camry Gracia көлігі оңтүстік бағытта келе жатып, Iveco жүк көлігін өткізбей, Жаңажол көшесіне қарай бұрылмақшы болған. Нәтижесінде жеңіл көлік жүк көлігін соғып кетіп, жүк көлігі аударылып кеткен.

Жол-көлік оқиғасынан Toyota жолаушысы зардап шекті. Ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.


© "Территория происшествий"

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.69  course up  588.2  course up  6.46  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети