Павлодарда бағанаға соғылған көлік екі бүктеліп қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда бағанаға соғылған көлік екі бүктеліп қалған © instagram.com/kolesa_pavlodara

Павлодарда жеңіл көлік бағанаға соғылып, бүктеліп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда жеңіл көлік бағанаға соғылып, бүктеліп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ЖКО 6 қазан таңғысын Кутузов атындағы көпір үстінде болған. Audi көлігі көшеге жарық түсіретін темірбетон бағанаға соғылған. Соққы күшінен көлік екі бүктеліп қалған. Оқиға салдарынан көлік жүргізушісі зардап шекті. 

Павлодар облысы ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, көлікті 37 жастағы қала тұрғыны басқарған. Ол оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді. "1980 жылы туған зардап шегуші жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Бірнеше қабырғасы сынған. Бүгін тракопластика бойынша операция өткізу жоспарланған", - дейді аймақтық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері.

Оқиғаның себебін полиция анықтап жатыр. "Бұл дерек бойынша тексеру жүргізілуде Оқиғаның себебі мен жай-жапсары анықталады", - деді облыстық полиция департаментінің өкілдері. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети