Қытайдағы танымал шыны көпір "шытынай" бастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдағы танымал шыны көпір "шытынай" бастаған

Қытайдағы 1180 метр биіктікте орналасұан танымал шыны көпір туристердің астында "шытынай" бастаған. Видео YouTube хостингінде жарияланды. Кадрлардан турист жүріп өткен жерде шытынаған дауыс естіледі. Ер адам тізерлеп отыра қалып, айғайлай бастайды. Осы сәтте оған қарама-қарсы тағы бір адам сабырмен ғана жүре береді.

Шыны көпірдің шытынай бастағаны түсірілген видеодан кейін Шығыс Тайханшан округінің әкімшілігі "шытынады" деген шыны көпірдің бірнеше бөлігінде орналасқан арнайы эффектілер екенін түсіндірді. Сөйтсек, бұл арнайы эффектілер туристердің назарын аудару үшін арнайы жасалыпты.

"Көпірдің конструкциясы өте берік. 430 метрлік көпір 99 үшқабатты шыны жабындысынан жасалған және 800 адамның салмағын көтере алады", - деп жазады "Звезда" телеарнасы. 

Еске салайық, шыныдан жасалған әлемдегі ең ұзын көпір 2016 жылдың 20 тамызында ашылған. Жаяу жүргіншіге арналған көпір Чжанцзяцзе ұлттық саябағындағы тау құздарын жалғайды. Бұл жерде әйгілі "Аватар" фильмі түсірілген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети