Алматылықтың жеке мәліметтерін жария еткен ХҚКО-ның басшысы қызметінен шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтың жеке мәліметтерін жария еткен ХҚКО-ның басшысы қызметінен шеттетілді © Тұрар Қазанғапов

Алматы тұрғынының жеке мәліметтері жария болып кетуіне қатысты даудан кейін Алмалы аудандық ХҚКО-ның басшысы қызметінен шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғынының жеке мәліметтері жария болып кетуіне қатысты даудан кейін Алмалы аудандық ХҚКО-ның басшысы қызметінен шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазіргі кезде алмалы аудандық ХҚКО-ның басшысы қызметінен шеттетілді. Қазір оның міндетін департамент жетекшісі Ерлан Төленов атқарып отыр", - деп хабарлады Алматы қалалық "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті филиалының директоры міндетін атқарушы Әсел Мамытжанова. 

Еске салайық, Алматы тұрғыны Анна Димитриевич алматылық ХҚКО-ның бірінде банк қызметкеріне оның жеке мәліметтері берілгенін кездейсоқ біліп қалған. Димитриевич бұл оқиға туралы Facebook желісіндегі парақшасында толық баяндайды. Ал "азаматтарға арналған үкімет" өкілдері мұндайға рұқсат жоғын айтып, кінәлілерді жазалауға уәде берген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети