ОҚО-да жаппай пышақтасу оқиғасы болды: 6 адам ауруханаға жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да жаппай пышақтасу оқиғасы болды: 6 адам ауруханаға жеткізілді © kovrov33.ru

Оңтүстік Қазақстан облысында үш ер адам пышақ жарақатын алып, ауыр халде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облысында үш ер адам пышақ жарақатын алып, ауыр халде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адамдар Шымкент жедел жәрдем ауруханасында жатыр. Олар Қазығұрт ауданындағы Рабат ауылында пышақтасқаннан кейін аурухана түскен. "Әр түрлі жарақат алған алты адам ауруханаға түсті. Олардың үшеуі Шымкент қаласының тұрғындары, ал үшеуі оқиға болған ауылдың тұрғындары. Зардап шеккендердің екеуі 1985 жылғы, қалғандары 1995 жылғы. Үшеуін біз үйіне қайтардық, ал үшеуі ауруханада жатыр. Олардың жағдайы ауыр", - деді Қабылдау бөлімінің меңгерушісі Сәбит Байбосынов. 

Оның айитуынша, ауруханада жатқандардың жарақаты тым ауыр, олардың өкпесіне және жүрегіне зақым келген. Зардап шеккендердің бірі екі литр қан жоғалтқан, оған лапаротомия жасады. 

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" және "Бұзақылық" баптарымен қылмыстық іс қозғалды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети