Назарбаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде Мемлекет басшысына еліміздің валюта және қаржы нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде мәлімет берілді.

Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Президентіне мұнай мен мұнай өнімдерінің әлемдік нарығында қолайлы баға жағдайы қалыптасып отырғаны жөнінде баяндады.

Данияр Ақышевтің есебіне сәйкес, биылғы 9 айда инфляция 4,2 пайызды құрап, Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 10,2 пайызға өскен.

Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети