Алматыда ірі жол апаты болды: бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ірі жол апаты болды: бір адам қаза тапты © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда Рысқұлов және Емцов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда Рысқұлов және Емцов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Toyota Camry Рысқұлов көшесінің бойымен келе жатып, Емцов көшесіне бұрылмақшы болғанда BMW көлігі жанынан соққан. Қатты соққыдан жапониялық көлік жол шетіне шығып кетті. Екі көлікте қатты бүлінді. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry автомобилінде отырған бір жолаушы жедел жәрдем көлігінде қаза тапты, ал тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Тағы бір жолаушымен жүргізушіге оқиға орнында көмек көрсетілді. BMW жүргізушісі мен жолаушысы әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 501.24  course up  591.85  course up  6.49  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети