Бразилияда полиция "қылмыскер" жылқыны тұтқынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилияда полиция "қылмыскер" жылқыны тұтқынға алды © NEWS.am

Бразилияның Сержипи штатында бөгде адамның мүлкін бүлдіргені үшін жылқы "тұтқындалды", - деп хабарлайды РИА Нововсти


Бразилияның Сержипи штатында бөгде адамның мүлкін бүлдіргені үшін жылқы "тұтқындалды", - деп хабарлайды РИА Нововсти

Жылқының иесі Уильямс Фрасишку душ Сантуш жануарымен серуендеп жүрген кезде оларға бірнеше адам келіп, жылқыға мінгісі келетінін айтқан. Иесі қарсы болмағанымен, жылқы үркіп, олар отырған көлікті теуіп жіберген. Оқиға орнына полициця келіп, жылқыны бөлімшеге алып кеткен екен. 

"Бөлімшеге келгенімде жылқы темір торда қамаулы тұрды, ол бір қылмыскердей. Оған жем де, су да бермей, тар жерге тығып тастаған. Мен түнде оған жем апарғанмын, ал бүгін олар жем беруге рұқсат бермеді", - дейді Сантуш. 

Уильямс Фрасишку душ Сантуш шығынды өз мойнына алғаннан кейін, жануарды иесіне қайтарғаны хабарланды. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 501.24  course up  591.85  course up  6.49  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети