Назарбаев Chevron компаниясының атқарушы директорымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Chevron компаниясының атқарушы директорымен кездесті © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев "Шеврон" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Джон Уотсонмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев "Шеврон" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Джон Уотсонмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның "Шеврон" компаниясымен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы мұнай-газ саласына қатысты жобаларды бірлесе іске асырудың тиімділігін айтып, Джон Уотсонға осы жұмыстарды атқаруға қосқан үлесі үшін ризашылық білдірді.

"Қазақстан "Шеврон" компаниясымен ерекше қарым-қатынас орнатты. Біз ширек ғасырдан астам уақыттан бері бірге жұмыс жасап келеміз. Мен бірлесе атқарған жұмыстарыңыз үшін Сізге алғыс айтқым келеді. Біз сіздермен өзара тиімді ынтымақтастық орната білдік", - деді Қазақстан Президенті.

Джон Уотсон Қазақстан мен "Шеврон" компаниясының ынтымақтастық мәселелерін талқылап, оны әрі қарай дамытуға қатысты пікір алмасуға мүмкіндік туғызғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

Кездесуде Джон Уотсон Мемлекет басшысына 2018 жылдың ақпан айынан бастап компанияның бас атқарушы директоры қызметін атқаратын Майкл Виртті таныстырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.15  course up  592.2  course up  6.49  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети