Назарбаев төтенше және өкілетті елшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев төтенше және өкілетті елшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітті © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қызметін қоса атқаратын Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің және орналасқан жері Қазақстан Республикасында болатын Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қызметін қоса атқаратын Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің және орналасқан жері Қазақстан Республикасында болатын Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 501.48  course up  592.04  course up  6.56  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети