Алматы-Бішкек тасжолында автобус аударылып кетіп, екі жолаушы қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы-Бішкек тасжолында автобус аударылып кетіп, екі жолаушы қаза тапты

Алматы - Бішкек тасжолының 62-ші шақырымында болған жол апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы - Бішкек тасжолының 62-ші шақырымында болған жол апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты 4 желтоқсанда шамамен таңғы сағат 8-де Ұзынағаш ауылының маңында болған.

"Ұзынағаш ауылының ауруханасына түрлі жарақатпен 10 адам жеткізілді, олардың біреуі кәмелетке толмаған. Оқиға  орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Ведомство мәліметінше, автобуста отырған 43 адам Шымкенттен Алматыға қарай бара жатқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, автобустың 41 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, аударылып кеткен.

"Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық тергеу басталды", - деп хабарлады облыстық полициядағылар.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.15  course up  592.2  course up  6.49  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети