Ермегияевтің ісі бойынша фигуранттар шетелге 13 миллиард теңге аударған - Татубаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ермегияевтің ісі бойынша фигуранттар шетелге 13 миллиард теңге аударған - Татубаев Талғат Татубаев

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының жетекшісі Талғат Татубаев "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ АҚ лауазымды тұлғаларының ақшаны шетелге қалай алып шыққанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының жетекшісі Талғат Татубаев "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ АҚ лауазымды тұлғаларының ақшаны шетелге қалай алып шыққанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"EXPO-2017 ісі бойынша. Ермегияев пен ұлттық компанияның басқа да лауазымды тұлғалары шетелдік фирмаға 13 миллиард теңге аударған", - деді Талғат Татубаев Астанадағы конференция барысында.

Сондай-ақ, Ұлттық бюро жетекшісі экс-премьер министр Серік Ахметовтің ісіне қатысты ойын айтты.

"Экс-премьер министр Ахметовтің ісі бойынша бюджеттен 360 миллион теңге БАӘ-ге аударылған. Осы мемлекеттік құзырлы органдарымен бірге жұмыс істеу барысында осы ақшаларды анықтап, республикалық бюджетке қайтару мүмкін болды", - деді ұлттық бюроның жетекшісі Талғат Татубаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.15  course up  592.2  course up  6.49  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети