Астанада тергеу изоляторының қызметкері өз-өзіне қол жұмсады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада тергеу изоляторының қызметкері өз-өзіне қол жұмсады © Максим Попов

Астанада тергеу изоляторының қызметкері өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада тергеу изоляторының қызметкері өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл мәліметті ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегілер растады.

"Демалыс күні Астанадағы ЕЦ 166/1 мекемесінің қызметкері суицид жасады. Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Астана қаласы бойынша ІІД-нің Алматы аудандық ІІБ тергеу жүргізіп жатыр", - делінген Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің редакция жолдаған сауалға берген жауабында.

11 желтоқсанда астаналық адвокат Аманжол Мұхамедьяров Facebook желісіндегі парақшасында Бас прокуратура, ІІМ, Ұлттық бюро мен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне үндеу жасаған еді. Ол Астанадағы ЕЦ-166/1 тергеу изоляторында тексеріс жүргізуді сұраған болатын. Аманжол Мұхамедьяров арнайы мекемеде жасалған суицид жайлы сотталушы әрі қорғалушысы Айдын Алпысбаевтан білгенін айтып өтті. 

"Астаналық адвокат Мұхамедьяровтың Facebook әлеуметтік желісіндегі хабарламасы жайында айтатын болсақ, онда көрсетілген мәліметтер сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Астана қалалық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тергеу бастады", - деп хабарлады комитеттегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 502.57  course down  592.2  course up  6.49  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети