Арман Оспанов Мәскеудегі жекпе-жегінің қарсаңында салмақ өлшеу рәсіміне шықпай қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арман Оспанов Мәскеудегі жекпе-жегінің қарсаңында салмақ өлшеу рәсіміне шықпай қалды © instagram.com/armanospan89

Қазақстандық файтер Арман Оспанов кеше, 22 желтоқсанда кешке ресейлік промоушен Absolute Championship Berkut 77 турнирінің алдында, Мәскеуде өткен салмақ өлшеу және көз арбасу рәсіміне келген жоқ, - деп хабарлайды Vesti.kz  спорт порталы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық файтер Арман Оспанов кеше, 22 желтоқсанда кешке ресейлік промоушен Absolute Championship Berkut 77 турнирінің алдында, Мәскеуде өткен салмақ өлшеу және көз арбасу рәсіміне келген жоқ, - деп хабарлайды Vesti.kz  спорт порталы.

Оспановтың (8-1) рәсімге неліктен шықпағаны әзірше белгісіз. Алайда, ринг-анонсер оның көрсеткішін 66,6 келі деп хабарлады.

Қазақстандық файтердің қарсыласы ресейлік Алексей Полпудников (24-4-1) болады, оның салмағы - 66,2 келі.

Бұл турнирге тағы бір қазақстандық файтер қатысады, ол - Асылжан Бақытжанұлы (6-0). Бақытжанұлы өз қарсыласынан жеңіл болып шықты. Қазақстандық спортшының салмағы - 91,1 келі, ал ресейлік Муслим Махмудов (9-4) - 93,3 келі. 

ACB 77 турнирі 23 желтоқсанда өтеді. Оспанов - Полпудников жекпе-жегі 23 желтоқсанға қараған түні болады, алдын ала болжам бойынша, шара Астана уақыты бойынша сағат 01.00-де басталады.

Еске салайық, файтерлер бұған дейін 2013 жылы Сочи турнирінде кездескен болатын. Ол кезде қазақстандық файтер 58-ші секундта нокаутпен жеңген еді. Айта кетейік, Арман Оспанов Instagram парақшасында өз жанкүйерлерін салмақ өлшеу рәсіміне шақырған болатын. Алайда сол рәсімге өзі келмей қалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 502.51  course up  595  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети