WBC президенті Головкин - "Канело" реваншын өткізуге таптырмас орынды атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBC президенті Головкин - "Канело" реваншын өткізуге таптырмас орынды атады © Тұрар Қазанғапов

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің реваншын өткізуге болатын қолайлы жерді атады, - деп хабарлайды Vesti.kz BoxingScene.com басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, WBC президенті жекпе-жектің Мехикода болғанын қалайды. Айта кетейік, жақында Головкин WBC аясында өткен бірнеше қайырымдылық акциясына қатысу үшін Мексика астанасына барып қайтқан болатын.

"Менің ойымша, Mexico City Arena осы жекпе-жекті өткізуге жақсы орын болар еді", - деді Маурисио Сулейман.

Еске сала кетейік, боксшылар осыған дейін 16 қыркүйекте Лас-Вегаста кездескен болатын. Ол кезде Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен тең түскен еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 502.51  course up  595  course up  6.44  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети