Рианнаның бөлесін көшеде атып кеткен. Әнші Желіде қайғысымен бөлісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рианнаның бөлесін көшеде атып кеткен. Әнші Желіде қайғысымен бөлісті © Әлеуметтік желіден

Барбадос аралдарында америкалық әнші Рианнаның бөлесі - 21 жастағы Тавон Кайзен Аллейнді атып кеткен. Бұл туралы әншінің өзі "Инстаграм" желісінде мәлімдеді. 


Барбадос аралдарында америкалық әнші Рианнаның бөлесі - 21 жастағы Тавон Кайзен Аллейнді атып кеткен. Бұл туралы әншінің өзі "Инстаграм" желісінде мәлімдеді. 

Рианна мен бөлесі Рождество мерекесін бірге атап өткен, оқиға бірнеше сағаттан кейін Сент-Майкл ауданында болған. Арқасынан бірнеше жарақат алған жігітті дереу ауруханаға жеткізеді, алайда, ол көп ұзамай көз жұмған.


 
"Сене алар емеспін, кеше ғана сені қолыммен ұстаған едім. Жылыуыңды соңғы рет сезініп тұрмын деп еш ойламас едім. Сені мәңгі сүйіп өтем", - деп жазыпты әншінің өзі. 

Осы оқиғадан кейін Рианна адамдарды қару ұстамауға шақырды. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.24  course up  586.74  course up  6.5  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети