Павлодар-Қызылорда тасжолында болған жол апатынан бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар-Қызылорда тасжолында болған жол апатынан бір адам қаза тапты Видеодан алынған кадр

Павлодар-Қызылорда тасжолында болған жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы бірнеше адам зардап шекті, - деп хабарлайды pavon.kz Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар-Қызылорда тасжолында болған жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы бірнеше адам зардап шекті, - деп хабарлайды pavon.kz Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 27 желтоқсанда болған. Nissan Sunny мен Toyota көліктері соғысып қалған. Жол апаты салдарынан Nissan көлігінің 46 жастағы жүргізушісі, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны оқиға орнында қаза тапқан. Тағы төрт адам - 19, 21, 66 және 82 жастағы жолаушылар түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Ал Toyota көлігінің жүргізушісі, Екібастұз тұрғыны дәрігерлер тексерісінен кейін үйлеріне жіберілді.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 502.51  course up  595  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети