Ауа райы: Мәскеуде 139 жыл бұрынғы температуралық рекорд жаңарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райы: Мәскеуде 139 жыл бұрынғы температуралық рекорд жаңарды © РИА Новости/Владимир Астапкович

Мәскеуде ауа температурасы плюс 3,7 градусқа дейін көтерілді, бұл көрсеткіш 29 желтоқсан күнгі метеобақылауда 139 жыл бұрынғы рекордты жаңартып отыр, - деп хабарлады L!FE.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде ауа температурасы плюс 3,7 градусқа дейін көтерілді, бұл көрсеткіш 29 желтоқсан күнгі метеобақылауда 139 жыл бұрынғы рекордты жаңартып отыр, - деп хабарлады L!FE.

Ауа райына қатысты бұл мәлімет "Гидрометцентр" сайтына жарияланған. Метеорологтардың мәлімдеуінше, сағат 21.00 шамасында Мәскеудегі атмосфералық қысым сынап бағанасында 750 миллиметрді көрсеткен, ал ең жоғары ауа температурасы +3,7 градус болды.

Айта кетейік, бұған дейін температуралық рекорд 17 желтоқсанда тіркелген. Ол кезде ауа температурасы плюс 7,7 градусты көрсетті. Мұндай көрсеткіш Мәскеу қаласы бойынша 17 желтоқсан күнгі метеобақылау тарихында 138 жыл бұрын тіркеліпті. Бұған дейінгі рекорд плюс 6,1 градус болған. Ол 2006 жылы тіркелді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті
Тоқаев Жамбыл облысына барды

Валюта бағамы

 505.53  course up  595  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети