ОҚО-да ер адам сүйіктісін қызғаныштан сабап өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да ер адам сүйіктісін қызғаныштан сабап өлтірген © 31tv.ru

Оңтүстік Қазақстан облысында ер адам қызғаныштан бірге тұратын әйелді сабап өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облысында ер адам қызғаныштан бірге тұратын әйелді сабап өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицейлердің мәліметінше, қанды оқиға 1 қаңтарда Сайрам ауданында болған. 45 жастағы күдікті бірден ұсталған. 

"Зорлық-зомбылық іздері бар 1981 жылғы әйелдің денесі ауылдардың бірінен табылған. Тергеу адам өлтіруге себеп — азаматтық әйелін қызғану болғанын анықтады. Ер адам әйелді ұрып өлтірген. Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді ІІД-нің өкілдері. 

Жалпы облыстық ІІД-нің мәліметі бойынша, мерекелік үш күнде полицейлер 100-ге жуық қылмысты ашқан. Облыс бойынша алты жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда үш адам қаза тапқан және алты адам түрлі жарақат алған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті
Тоқаев Жамбыл облысына барды

Валюта бағамы

 505.73  course up  595  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети