"20 жылғы сеңді еріту оңай болмас" - Мирзиеев Тәжікстанмен қарым-қатынасты қалпына келтірмек

ПОДЕЛИТЬСЯ

"20 жылғы сеңді еріту оңай болмас" - Мирзиеев Тәжікстанмен қарым-қатынасты қалпына келтірмек © РИА Новости

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев Тәжікстанға бару ниеті туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан өзбекстандық телеарналарға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев Тәжікстанға бару ниеті туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан өзбекстандық телеарналарға сілтеме жасап. 

Президент 6 қаңтарда Ташкент облысы кенгешінің депутаттары алдында сөз сөйлеп, елдің Тәжікстанмен адал достастық қатынас құратынын мәлімдеген. 

"Көршісіне адал болмаған ақыретте кешірілмейді", - деді Мирзиеев депуттатарға. Тәжіксатнға ресми сапарға дайындық ретінде Өзбекстанның үкімет басшысы Абдулла Арипов жақын уақытта Душанбеге баратыны хабарланып отыр. 

"Көптеген келісімдерге қол қоямыз, теміржолды ашамыз, ортақ қуат жүйесін қалыпқа келтіріп, өзге де маңызды мәселелрді талқылаймыз", - дейді Мирзиеев. 

Өзбекстан басшысының сөзінше, көршілерімен қарым-қатынасы нашар болған елдер алыс шетелмен байланыс құра алмайды. 

Президент көрші елмен қарым-қатынасты жақсартуға ниетті екенін, алайда, "20 жылғы сеңді еріту оңай болмайтынын" да атап өтті. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті
Тоқаев Жамбыл облысына барды

Валюта бағамы

 505.73  course up  595  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети