Таразда Жаңа жыл түні жол бойында төбелес болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда Жаңа жыл түні жол бойында төбелес болған

Жаңа жыл түні Тараз орталығында жолдың бойында төбелес болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа жыл түні Тараз орталығында жолдың бойында төбелес болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төбелес видеобақылау камерасына түсіп қалған. Әлеуметтік желілерде тарап жатқан видеодағы кадрларға қарағанда, онда  Volkswagen Golf III пен "ВАЗ-2114" көліктері түсірілген. "ВАЗ-2114" ішінен бір топ жігіт шыққан. Содан олар екінші көлікте артқы орындықта отырған жолаушыны ұрып-соға бастаған. Осы сәтте Volkswagen Golf III жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалған.

Бірақ бір сәтте Volkswagen жүргізушісі қайтып келіп, төбелес шығарғандардың бірін қағып өлтірген.

Полицияның мәліметінше, бұл оқиға 1 қаңтарда сағат 1.30-да болған. 29 жастағы жігіт келесі күні есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмған.

"Бұл дерек Тараз қалалық ІІБ сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Жедел-іздестіру шаралары басрысында ер адамды қағып өлтірген Volkswagen Golf III жүргізушісі анықталды. Полиция қызметкерлері оны ұстауға қатысты барлық шараны қолданып жатыр", - деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, полициядағылар тергеу барысында "ВАЗ-2114" көлігіндегі төрт жолаушының бұзақылық жасағаны анықталғанын хабарлады. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"Қазіргі уақытта төбелеске қатысқандардың барлығын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады өңірлік ІІД өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті
Тоқаев Жамбыл облысына барды

Валюта бағамы

 505.73  course up  595  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети