Тайландта Қазақстаннан барған 8 турист жол апатына ұшырады - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тайландта Қазақстаннан барған 8 турист жол апатына ұшырады - БАҚ © pixabay.com

Тайландта Қазақстаннан барған 8 турист жол апатына ұшырады. Олар Пхукет аралындағы Hanuman World саябағының аумағында микроавтобуспен болған жол апатынан түрлі деңгейдегі жарақаттар алды, - деп хабарлайды РИА Новости Nation газетінің интернет нұсқасына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, микроавтобус жүргізушісі саябақ аумағында келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай, ағашқа барып соғылған.

© nationmultimedia.com

Зардап шеккен он адамның тоғызы жақын маңда орналасқан Dibuk Hospital ауруханасына жеткізілген.

БАҚ мәліметінше, Hanuman World саябағы туристер арасында танымал. Сондай-ақ, осы аттракционға Ресей мен ТМД елдерінің туристері келетіні айтылады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети