Қартаюға қарсы дәрілік препараттардың тізімі жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қартаюға қарсы дәрілік препараттардың тізімі жасалды Иллюстрациялық сурет © telegraf.com.ua

Ұлыбритания мен Германияның ғалымдары бірігіп, 24 жаңа препаратты кәрілікті тоқтата алуы мүмкін және өмірді ұзартады деп таныды. Зерттеу bioRxiv.org репозиториясында жарияланды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания мен Германияның ғалымдары бірігіп, 24 жаңа препаратты кәрілікті тоқтата алуы мүмкін және өмірді ұзартады деп таныды. Зерттеу bioRxiv.org репозиториясында жарияланды.

Қартаю - зақымданған ДНҚ жиынтығы мен жасуша, тіндер және ішкі органдардағы гомеостазындағы ауытқулардан тұратын кешенді процесс. Бұл процесстегі ең әлсіз мүше ми болып келеді, оның қартаюы когнитив процесстердің әлсіреуі мен нейродегенератив процесстердің күшеюінен байқалады. 

Зерттеушілер 22 және 106 жас аралғындағы адамдардың миындағы 22 түрлі бөлігіндегі белсенділікті сараптаған және маңдай мен шүйде үлесі, мишық, лимбикалық жүйе және басқа да ми құрылымдарының жүйке тіндерінің үлгісін алып зерттеді. Осы арқылы олар жас шамасына қарай нейрондағы концентрациясы өзгеретін гендердің өнімін - транскриптерді (қалыптамалық РНҚ молекулалары) анықтады. Осылайша, ғалымдар қартаю маркері болып келетін гендердің белсенділігін анықтады. 

Ғалымдар қартаюға қарсы әлеуетті заттарды іздеу үшін Connectivity Map мәліметтер базасын пайдаланған. Онда транскриптер синтезіне әсер етіп, оны күшейтетін немесе басатын дәрілік препараттар туралы ақпарат бар. соның ішінде гендердің белсенділігіне әсер етіп, адам өмірін ұзарта алатын 24 қосынды табылды. Сонымен қатар, бұл тізімдегі ресвератрол және сиролимусты қоса алғандағы төрт препараттың қартаюға қарсы әсері бары бұрын да айтылған екен. Оларды негізінен жануарларға сынап көрген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті

Валюта бағамы

 505.73  course up  595  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети