Алматыда ірі жол апаты болды: 6 көлік қирап қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ірі жол апаты болды: 6 көлік қирап қалды © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда ірі жол апаты болды. Оқиға салдарынан 6 көлік соқтығысты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ірі жол апаты болды. Оқиға салдарынан 6 көлік соқтығысты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Байтұрсынов пен Құрманғазы көшелерінің қиылысында болды. Куәгерлердің айтуынша, Toyota Harrier жүргізушісі Байтұрсыновпен оңтүстік бағытта кетіп бара жатып, Құрманғазы көшесіне солға бұрылмақшы болған. Осы кезде Байтұрсыновпен солтүстік бағытта қатты жылдамдықпен кетіп бара жатқан Mercedes маркалы автомобилі бірінші көлікті соққан. 

Ары қарай Mercedes Toyota Corolla автокөлігіне соқтығыстқан, ал Toyota Harrier тұрақта тұрған көлікке соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Subaru, Toyota Corolla және Toyota Land Cruiser Prado көліктері бүоінген. 

Жол апаты салдарынан Мercedes салонында отырған мүмкіндігі шектеулі жолаушы зардап шеккен. Ол ауруханаға жеткізілді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті

Валюта бағамы

 505.73  course up  595  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети