АҚШ-та зорлаушыға қатысты куәлік беруі тиіс болған оқушы қыз өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та зорлаушыға қатысты куәлік беруі тиіс болған оқушы қыз өлі табылды

АҚШ-та оны зорлаған ер адамға қатысты куәлік беруі тиіс болған оқушы қыз өлі табылды, - деп жазады L!FE.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та оны зорлаған ер адамға қатысты куәлік беруі тиіс болған оқушы қыз өлі табылды, - деп жазады L!FE.

16 жастағы Муджей Дамбуя 25 қаңтарда із-түссіз жоғалып кеткен. Қыздың ата-анасы бірден полицияға хабар берген. Ал бір аптадан соң қыздың денесі үйінен 80 шақырым жерден табылған.

Басылымның мәліметінше, Муджей Дамбуя мектептен келмеген соң туыстары оны іздестіре бастаған. Себебі сәуірде қыз өзін мектеп ауласында бірнеше рет зорлаған Куинн Джеймсқа қатысты түсінік беруі тиіс болған екен.

Buzzfeed мәліметінше, ер адам осыған дейін де басқа оқушы қызды зорлағаны үшін ұсталған, бірақ ол кезде жеткілікті дәлел болмаған. Муджей Дамбуяның туыстары қызды Куинн Джеймстің өзі өлтірді деп отыр. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, күдікті ұсталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті

Валюта бағамы

 505.73  course up  595  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети