Қарағанды облысында болған жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы 10-ы зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында болған жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы 10-ы зардап шекті

Алматы-Екатеринбург автожолының 934-шақырымында болған жол апатынан бір адам қаза тауып, 11 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД мәліметінше, жол аптаы 11 ақпанда шамамен сағат 21.00-де болған.

"Mercedes-Benz көлігінің 33 жастағы жүргізушісі  Балқаш қаласына қарай бағыт алып бара жатып, алдын ала болжам бойынша, жолдың қарсы бетіне шығып, 34 жастағы жүргізушінің тізігіндегі BMW автокөлігімен соқтығысқан. Осыдан кейін артта келе жатқан Nissan автокөлігі екі көліктің біріне соғылған.

Жол көлік оқиғасы салдарынан BMW автокөлігінің 37 жастағы жолаушысы алған дене жарақаттарының салдарынан оқиға орынында қаза болған.

Сондай-ақ, 3 көліктегі 10 жолаушы әр түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жүгінген.

ІІД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті

Валюта бағамы

 505.73  course up  595  course up  6.32  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети