СҚО-да жол апатынан көлік қақ бөлінді: 4 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО-да жол апатынан көлік қақ бөлінді: 4 адам қаза тапты видеодан үзінді

Солтүстік Қазақстан облысындағы тасжолда болған жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Солтүстік Қазақстан облысындағы тасжолда болған жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Адам өліміне әкеп соққан жол апаты 14 ақпанда Солтүстік Қзақстан облысындағы Мағжан Жұмабаев ауданында болды. 

Булаево - Қоскөл тасжолында болған апаттың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, ВАЗ-2110 және Volkswagen көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Бір көліктегі жүргізуші мен жолаушы бірден қаза тапты. 

Әлеуметтік желіде шетелдік автокөліктің жүргізушісі дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болғанын және екі әйелді және тоғыз айлық баланы ауруханаға жеткізілгені туралы жазып жатыр. Дәрігерлер сәбидің өмірі үшін арпалысқанымен, бала қайтыс болды. Жолаушы әйелдердің бірі ауыр халде жатыр, ал екіншісі психологиялық шок алған. 

"СҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апатынан төрт адам қаза тапқан. "Осы дерекке қатысты арнайы сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр", - деп нақтылады СҚО ІІД өкілдері.

 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети