23 ақпан 2018 17:14

Қарағанды облысында өрт кезінде екі адамды құтқарып қалған жігіт марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі © Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі

Қарағанды облысының ТЖД өрт кезінде екі адамның өмірін құтқарып қалған батырды марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағанды облысының ТЖД өрт кезінде екі адамның өмірін құтқарып қалған батырды марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде өрт кезінде екі адамды құтқарған Алексей Шинкаревты марапаттады.

2018 жылдың 19 ақпанында кешкі сағат бес шамасында Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы Северо-западный кентінде Загаражная көшесі 3 үй, 2 пәтер бойынша бір қабатты жекеменшік тұрғын үйде газ баллонының ақауы салдарынан, газ жарылысынан кейін №2 пәтерде өрт болған.

Ведомство мәліметінше, №2 пәтерде 100 шаршы метрден астам ауданда жабының ішінара құлауы болды. Өрттің жалпы ауданы 200-ге жуық шаршы метр. Өрт нәтижесінде 2001 жылы туған жасөспірім қыз бен 1994 жылы туған жігіт күйікпен ауруханаға жеткізілді. 14 адам мен 3 бірлік техникадан тұратын ТЖД Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметінің күші тартылды. Жану болған пәтер түк қалмай өртеніп кетті

Он жеті жастағы жігіт Алексей баладай емес, нағыз батырдай ерлік танытты. Осы сәтсіз күні көрші үйде тұратын Алексей өз үйінің ауласына шығып, көрші үйден түтін шығып жатқанын көреді, үйге жақындаған кезде ол көмек шақырған дауыстарды естиді. Шарбақтан секіріп, жанып жатқан үйдің көрші үйге жүгіреді және үйдің дәлізінде көмек сұрап жатқан екі адамды көреді, ойланбастан оларды далаға шығарады. Жас батыр оларды өрттен қолымен алып шыға алды. Ол саспай, оларды үйіне апарып және жедел жәрдем бригадасын шақырады. "Алғашқы медициналық көмекті ер фельдшер көрсетті. Ол жалғыз болды және менің қызым Вероникадан күйіктен қорықпай, киімін шешуге, күйікке залалсыздандырылған таңғышты салды және байлай аласың ба деп сұрады. Вероника сеніммен "иә" деп, фельдшерге көмектесе бастады", -дейді Алексейдің анасы.

Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Кәрімов адамдарды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанкештілігі үшін үшін алғыс хат табыстады және Шанкаров Алексей жасаған ерлікті кез келген ересек адам жасай алмайтынын айтты

"Біздің облыс тұрғындарының арасында қиын уақытта өз өмірін қауіпке тіге отырып, көмектесуге дайын осындай батырларымыздың бар екеніне қуаныштымыз. Сізге зор денсаулық пен отбасылық бақыт тілейміз!", - деп айтып өтті.

Ерлігі үшін Алексей Шинкарев ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ведомствалық марапатына ұсынылады. А.В.Шинкарев оқитын Шахтинск тау -кен колледжінің директорына адамдарды өрттен құтқарғаны үшін марапаттауға өтініш хаты жолданады.

Айта кетейік, газ баллонының жарылуы салдарынан зардап шеккен жұпқа қан қажет болып отыр. 23 ақпан таңертеңгі сағат 10-да ТЖД және оның бөлімшелерінің қызметкерлері Облыстық қан тапсыру орталығында қан тапсырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 471.84   490.7   5.52 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети