Павлодарда жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап кетті Сурет әлеуметтік желіден алынды

Павлодарда көпқабатты үйдің шатырынан құлаған жасөспірім қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Павлодарда көпқабатты үйдің шатырынан құлаған жасөспірім қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жасөспірімнің денесін қаладағы ықшамаудандардың біріндегі үйлердің маңынан тапқан. Куәгерлер оқиға орнында түсірген суретті Instagram желісінде жариялады. 

Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі осы деректі растады. "Жаяу Мұса көшесінің бойындағы үйдің маңында 16 жастағы баланың мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол үйдің шатырынан құлап кеткен. Осы дерек бірыңғай реестрге тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді ІІД өкілдері. 

Дәрігерлердің мәліметінше, оқушы жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. 

Павлодар облыстық білім басқармасының мәліметінше, қайтыс болған бала қаладағы мектептердің бірінде 10- сыныпта оқыған. Алайда, оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты.  

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.24  course down  586.74  course down  6.5  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети