Джаред Лето қазақстандық жанкүйерімен тікелей эфирде сөйлесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джаред Лето қазақстандық жанкүйерімен тікелей эфирде сөйлесті © Instagram.com

Голливуд актері әрі музыкант Джаред Лето Instagram желісіндегі тікелей эфирде қазақстандық жанкүйерімен сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Голливуд актері әрі музыкант Джаред Лето Instagram желісіндегі тікелей эфирде қазақстандық жанкүйерімен сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Thirty Seconds to Mars тобының музыканты оған Қазақстанның ұнайтынын айтты.

"Біз онда тамаша концерт өткіздік. Шамамен 30 мың адам болды", - деді актер. Қазақстандық жанкүйер қыз да сол концертте болғанын айтты.

"Сағынып жүрміз. Онда адамдар сондай жарқын, расында да оларға ғашық болып қалдым", - дейді Джаред Лето.

Қазақстандық жанкүйермен әңгімелескен сәті 8-минуттан басталады:

Еске сала кетейік, Джаред Лето Астанаға былтыр шілде айының басында ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде келген болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті

Валюта бағамы

 505.73  course up  595  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети