03 наурыз 2018 12:24

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mosdep.info © mosdep.info

Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, ертең, 4 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда облыстары бойынша жауын-жашын (жаңбыр басым), кей жерлерде қатты түсуі болжанады. Осыған байланысты қар еріп, мұздық құбылыстардың әлсіреп өзен арналары қысылып, жазықтық жерлерде және таулы өзендерде беткейлі ағынның пайда болуы мүмкін. 

"4-5 наурызда Атырау, Батыс Қазақстан облыстары бойынша қысқа мерзімді күндізгі ауа температурасының 5 градусқа жоғарылауы, жауын-шашын (қар, жаңбыр) түсуі күтілуде. Осыған байланысты қар еріп, мұздық құбылыстардың әлсіреп өзен арналары қысылып, жазықтық жерлерде ағынның пайда болуы мүмкін.

Ал 6-7 наурызда Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында қысқа мерзімге ауа температурасы күндіз 5 градус жылыға дейін, Шығыс Қазақстан облысында 3, 8 градус жылыға дейін жоғарылайды. Осыған байланысты қар еріп, мұздық құбылыстардың әлсіреп өзен арналары қысылып, жазықтық жерлерде және таулы өзендерде беткейлі ағынның пайда болуы мүмкін. Су деңгейлері көтеріліп су басуы мүмкін", - деді "Қазгидромет" мамандары.

Сондай-ақ, 1 наурыздағы жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) суреттері бойынша Қарағанды, Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстары территориясының 99 пайызында, Шығыс Қазақстан облысында 92 пайызында қар жамылғысы жатқаны айтылады.

Читайте также
Join Telegram
Алматыда нөсер жауады

Валюта бағамы

 471.89   490.7   5.39 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети