Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді. Бұл туралы қалалықтар хабарлап жатыр, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді. Бұл туралы қалалықтар хабарлап жатыр, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қаскелеңде тұрамын. Қатты сілкінді. Иә. Газ сілкінді", - деп хабарлады тұрғындардың бірі.

"Шам сілкініп тұрды. Жиһаздар да", - дейді басқа тұрғындар. Алматылықтар зілзала туралы әлеуметтік желілерде де жазып жатыр. Олардың айтуынша, жерасты дүмпулері ұзаққа созылған. "2 минуттай сілкінді", - дейді алматылықтар.

 Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының сайтындағы мәлімет бойынша, зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 68 шақырымда , Қапшағайдан оңтүстік-шығысқа қарай 24 шақырым жерде болған. Жерасты дүмпулері 8 шақырымда болған.

Ал ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мәліметіне сенсек, зілзала магнитудасы 5,5 болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті

Валюта бағамы

 505.73  course up  595  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети