Ескерту: Алдағы тәулікте БҚО-да дауыл тұратыны хабарланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ескерту: Алдағы тәулікте БҚО-да дауыл тұратыны хабарланды © Go13.kz

Алдағы тәулікте Батыс Қазақстан облысында дауыл тұрып, жауын-шашын, тұман, бұрқасын, көктайғақ болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы тәулікте Батыс Қазақстан облысында дауыл тұрып, жауын-шашын, тұман, бұрқасын, көктайғақ болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Қазгидромет" РМК-ның БҚФ 27 наурыздағы мәліметі бойынша 27 наурызда түнде, 28-і тәулікте Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, жауын-шашын, тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Орал қаласында 27 наурызда түнде, 28-і тәулікте оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 18 метрге дейін күшейіп, жауын-шашын, тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі", - делінген синоптиктер хабарламасында. 

Сонымен қатар, ұйымдарға, қалалық, аудандық АҚ МҚ басқару органдарына, тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізіліп, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілуі тапсырылғаны айтылады. 

"ТЖ жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтірілсін, басшылық құрамының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылсын, күрделенген жағдайда, ТЖ қаупі төнгенде БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі телефондар арқылы хабарлансын: 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті

Валюта бағамы

 505.73  course up  595  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети