Канадада микроавтобус 10 адамды қағып мерт қылды, тағы 15-і жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Канадада микроавтобус 10 адамды қағып мерт қылды, тағы 15-і жарақат алды © REUTERS / Carlo Allegri

Канаданың Торонто қаласында он адамды микроавтобус қағып кетті, тағы 15 адам жарақат алған, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы жергілікті полиция басшысы Марк Саундерс хабарлаған.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Канаданың Торонто қаласында он адамды микроавтобус қағып кетті, тағы 15 адам жарақат алған, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы жергілікті полиция басшысы Марк Саундерс хабарлаған.  

Оқиға дүйсенбіде болған. Жаяу жүргіншілерді қаққан жүргізуші ұсталды, ол 25 жастағы Алек Минассян болып шықты. Ол полиция есебінде тұрған екен. Қылмыскердің бұл әрекетке не себепті барғаны белгісіз қалып отыр. Канаданың қоғамдық күзет министрі Ралф Гудэйл ел билігінің G7 саммиті қатысушыларының шабуыл нысаны болуы мүмкін деген мәлімет алмағанын мәлімдеген. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жүргізуші адамдарды қасақана қаққан, алайда бұл әлі террористік акт ретінде қарастырылып отырған жоқ.

Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо жағдайда өз бақылауына алғанын мәлімдеген.
 
Өз кезегінде Қазақстанның СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов Қазақстанның Канададағы дипломаттары жергілікті полициямен хабарласып, Торонто қаласында шағын автобустың жаяу жүргіншілерді басып кеткен жол апатынан қайтыс болған жəне зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары бар жоғын анықтап жатқанын хабарлады. 

"Осы уақытқа дейін қазақстандықтар туралы мәліметтер түскен жоқ", - деп хабарлады СІМ өкілі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.08  course up  594.46  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети