Назарбаев Путинмен сөйлесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Путинмен сөйлесті

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Екі елдің көшбасшылары бірін-бірі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің алдағы мерекесімен құттықтады.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Ресей Президенттері екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде Армениядағы ахуалды талқылады.

Мемлекеттер басшылары алдағы кездесулер кестесі, атап айтқанда, биылғы 14 мамырда Сочи қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына әзірлік барысы жөнінде әңгімелесті.

Осы орайда, екі елдің көшбасшылары Еуразиялық экономикалық одақтың 2017 жылғы ішкі және сыртқы сауда-саттық көлемі тиісінше 24,4 және 26,1 пайызға өскенін атап өтіп, халықаралық қоғамдастық тарапынан бұл бірлестікпен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылықтың артып отырғанын айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.08  course up  594.46  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети