Назарбаев Байбекпен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Байбекпен кездесті

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады, - деп хабарлайды Tengriews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады, - деп хабарлайды Tengriews.kz тілшісі. 

Алматы қаласының спорт инфрақұрылымын, медициналық қызмет көрсету және цифрландыру нысандарын аралап көргеннен кейін, Нұрсұлтан Назарбаевқа қала әкімі Бауыржан Байбек өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны, басты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы және алдағы жоспарлары жөнінде баяндады.

"Алматы еліміздің ең ірі және көрікті қаласы болып қала бермек. Сол себепті әкімдік қалаға деген сүйіспеншілігін көрсете отырып, шынайы ықыласпен жұмыс істеуі керек. Мен жолдардың, мектептер мен балабақшалардың жөнделіп, әлеуметтік инфрақұрылымның жақсара түскенін, сондай-ақ жаңа аудандардың пайда болғанын көріп отырмын. Бұл жұмысты тұрақты түрде жүргізу қажет", - деді Елбасы.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті Алматы қаласын одан әрі дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.08  course up  594.46  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети