Бос қақпаға шайба сала алмаған екі хоккейші масқара болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бос қақпаға шайба сала алмаған екі хоккейші масқара болды © dn.se

Данияда өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионаты-2018 топтық кезеңінде Швеция мен Швейцария (5:3) кездесуінде қызықты жағдай орын алды, - деп хабарлайды Eurosport.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данияда өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионаты-2018 топтық кезеңінде Швеция мен Швейцария (5:3) кездесуінде қызықты жағдай орын алды, - деп хабарлайды Eurosport.

Соңғы минутта швейцариялықтар шабуылды үдете түсу үшін қақпашыны ойыншымен алмастырған. Алайда олар контр шабуыл болатынын ескермеген.

Швециялық Рикард Ракелл мен Мика Зибанеяд қорғаушыны сан соқтырып алдап кетіп, дәл қақпаның алдына келгенде - Тре Крунур көшбасшылары шайбаны сала алмай ұятқа қалды.

Ракелл - ӘЧ-2018 жарысында Швеция құрамасының үздік мергені (5 шайба) және бомбардирі (11 ұпай). Ал Зибанеядта 7 (4+3) ұпай.

15 мамырда Швеция Ресеймен ойнайды. Шведтер А тобында 17 ұпаймен көш бастап тұр, ал ресейлікте 16 ұпаймен екінші орында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.08  course up  594.46  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети