28 мамыр 2018 | 13:21

Astana Pro Team шабандоздары "Challenge Сенің жаңа қырың!" бастамасын қолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Astana Pro Team" кәсіби велоқұрмасының спортшылары барлық қазақстандықтарды республикалық "Challenge Сенің жаңа қырың!" спорттық акциясы аясында салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.


"Astana Pro Team" кәсіби велоқұрмасының спортшылары барлық қазақстандықтарды республикалық "Challenge Сенің жаңа қырың!" спорттық акциясы аясында салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

"Қайырлы күн, достар! Қазақстандықтар, мен Елбасының "Challenge Өзгеше сен!" атты спорттық бастамасын қолдаймын, - деді Astana Pro Team Бас менеджері. "Бізге қосылыңыздар! Мен - олимпиада чемпионы Александр Винокуров сіздерге тосын сый әзірледім".

Винокуровтан өзге "Astana Pro Team" шабандоздары Андрей Зейц пен Алексей Лысенко де спорттық акцияны қолдап, денсаулықты сақтауға шақырды.

Еске сала кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Н. Назарбаевтың "Challenge Сенің жаңа қырың!"спорттық бастамасын "Астана" Президенттік кәсіби спорт клубының өзге де танымал спортшылары қолдаған болатын. Осыған дейін олимпиада чемпионы, "Astana Arlans" бокс клубының бас менеджері Бахтияр Артаев пен "Астана" баскетбол клубының бас менеджері Валерий Тихоненко да шараға қатысты өз үндеулерін жасаған болатын.

"Астана" Президенттік клубы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2012 жылдың қараша айында кәсіптік спорт клубы құрылды. Клубтың негізгі мақсаты еліміздегі кәсіптік және жоғарғы жетістіктер спортын қолдау, дамыту мен нығайту, сонымен қатар, Қазақстан мен Астананың халықаралық аренадағы беделін арттыру болып табылады.

"Астана" бірыңғай брендімен еліміздің ең табысты құрамалары сайысқа түсуде - "Астана" футбол клубы, "Astana Pro Team" кәсіптік велоқұрамасы, "Барыс" хоккей клубы (Астана), "Астана" баскетбол клубы мен "Astana Arlans" брокерлік клубы, сондай-ақ, "Астана" атқыштар клубы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 479.5   535.02   5.16 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети