Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы басталды - Министр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы басталды - Министр © Павел Атоянц

Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы жобасының эскизі таныстырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Facebook желісінде айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы жобасының эскизі таныстырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Facebook желісінде айтты.

2018 жылы 31 мамырда ҮААЖҚ құрылысы бастау алды. 

"Бүгін көптен күткен ауқымды жобалардың бірі Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы басталды. Бұл жобаның инвесторлары - "Alarko-Makyol-SK-Korea Express Way" түрік-корей консорциумы. Жоспар бойынша 6 жолақты қозғалысы бар 1-техникалық санаттағы ұзақтығы 66 шақырым айналма жол салынады", - дейді Жеңіс Қасымбек Facebook желісіндегі парақшасында. 

Жобаны жүзеге асыру Алматы қаласының аумағындағы қозғалыс ағынын төмендетуге, негізгі автокөлік жолдарындағы кептелісті азайтуға, транзиттік көліктер санын қысқартуға, экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жоба үздіксіз және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етеді.

Оған қоса Еуропа мен Азияның арасын жалғайтын автокөлік дәлізімен жүретін қозғалысқа дем береді. Бұл жобаның құрылысына шамамен 3 мыңға жуық жұмыс күші тартылады. Жобаға сәйке құрылыс жұмыстары 50 айға созылады. 

 


© Павел Атоянц

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 509.82  course up  596.12  course up  6.47  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети