ОҚО-да жаңа прокурорлар тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да жаңа прокурорлар тағайындалды © oko.prokuror.kz

Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек және Сарыағаш аудандарына жаңа прокурорлар тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек және Сарыағаш аудандарына жаңа прокурорлар тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Жомарт Нұрғали Сарыағаш ауданының прокуроры болып, ал  Әділ Кәрім Сарыағаш ауданының прокуроры болып тағайындалды.

Жомарт Нұрғалиұлы Нұрғали 1978 жылы 30 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында туылған, білімі жоғары, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Сыныптық шені - әділет кеңесшісі. Соңғы қызмет орны - Шымкент қаласы Абай ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.

Ал Әділ Абдіқадырұлы Кәрім 1984 жылы 10 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында туылған, білімі жоғары,  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. Сыныптық шені - кіші әділет кеңесшісі. Осыған дейін Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуроры қызметін атқарған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.69  course up  588.2  course up  6.46  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети