Астанада жолаушылар автобусын рөлсіз жүргізген ер адамның видеосы тарап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жолаушылар автобусын рөлсіз жүргізген ер адамның видеосы тарап кетті Видеодан алынған кадр

Астанада қоғамдық көлік жүргізушісі автобусты рөлсіз жүргізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада қоғамдық көлік жүргізушісі автобусты рөлсіз жүргізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл жағдай видеоға түсіріліп, Instagram желісіндегі ztb_video парақшасында жарияланды. Автобус жүргізушісі рөлсіз жүріп келе жатқанын, кейін жұлынған рөлді көрсетеді. 

"Астана LRT" компаниясының баспасөз қызметі жүргізушінің жұмыстан шеттетілгенін мәлімдеді. "Жүргізуші Бердібеков жұмыстан шеттетілді. Бүгін тәртіптік кеңесте қаралады. Қорытындысын кейін хабарлаймыз", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Астана қаласы ІІД-нің баспасөз хатшысы Софья Қолышбекова жолаушылар автобусының жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 5-тарауы бойынша әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеді. "Сонымен қатар, автобус паркінің де әкімшілігі жауапқа тартылды. Жүргізушілер құрамына полицейлер алдын алу жұмысын өткізді. Жүргізушінің өзі жолаушыларды түсіріп тастап, көлік қозғалысына бөгет болмауы үшін 100 метр жүріп өткен", - дейді Қолышбекова. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 509.82  course up  596.12  course up  6.47  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети